Бас тақырып

Ұлттық ұландықтарға жаңа көлік кілттері табысталды

Қарағандыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөліміне 21 жаңа арнайы техникалардың кілті табысталды. Атап айтсақ, пазИК, Toyota Hilux, Hyundai Tucson және Hyundai Elantra автокөлігі берілді. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, көлік кілттерін арнайы табыстады.

Суреттерді түсірген автор

Айта кетейік, төрт автобусты облыс әкімдігі алып берген. Ал, қалған арнайы және қызметтік автокөліктерді ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы берген. Өңір басшысы өз сөзінде:

– Ұлттық ұлан қатарында қызмет ету бұл жай ғана міндет емес. Үлкен абырой. Сіздерді қоғамның сенімді қалқаны, ел тыныштығын сақтайтын тәртіп сақшысы деп білеміз. Осы орайда Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлетінін айта кету керек. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның тұтастығын қамтамасыз ету мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық екенін есте сақтаған абзал. Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы жауапты да күрделі жұмыс атқарып жатқан сіздерге өз тарапымыздан әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Сол себепті арнайы автокөліктерді арнайы табыстап отырмыз. Бұл тек бастама ғана. Алдағы уақытта материалдық техникалық базаны нығайтуға жұмыс жасаймыз. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсыздыкті қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту бағытында ерен еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айтамын! – деді өңір басшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button