Ұлттық ұлан жауынгерлері Қарағандыда кездесті
Қарағанды қаласының 5451 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың Кубогіне жекпе-жек ұрысы бойынша жарысы басталды. Жарысқа Ұлттық ұланның СҚО, Ақмола, Қостанай қаласынан жауынгерлер келді.
Үш күндік додада жауынгерлер өзара боз кілемде жекпе-жекке шығып бақ сынасатын болады. Ақтық бәсеке 4 наурызда өтеді.
Жарыстың бас төрешісі болып – Президенттік көпсайыстың Шаңғы мен биатлон жарысы бойныша спорт шеберіне үміткері, Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов тағайындалды.
Айта кетерлік, аталмыш жарыстың мақсаты жауынгерлердің физикалық түрде дайындығы, спорт арқылы жауынгерлік рух пен ұжымдық күш тәрбиелеп, алдағы уақытта сәуір айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық жарысқа топ құру болып табылады.
ҚР Ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.