Спорт

Ұлттық ұлан жауынгері Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

24–31 мамыр аралығында Астана қаласында еркін күрестен Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Бұл байрақты бәсеке – еліміздің ең мықты балуандары бас қосатын, ұлттық құрама сапына іріктеу жүргізілетін маңызды спорттық шаралардың бірі. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Осы дүбірлі додада Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінің қызметкері , қатардағы жауынгер Оспанов Адиль бақ сынады. Ол 61 келі салмақ дәрежесінде күресіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, 1-орынға ие болды. Бұл жеңіс – тек жеке спортшының ғана емес, бүкіл әскери бөлімнің, Ұлттық ұлан сапындағы жауынгерлердің мерейі мен мақтанышы.

Бұл жетістік спортшыға– болашақтағы ірі халықаралық додаларға жол ашып, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button