Спорт
Ұлттық ұлан сарбазы Қазақстан чемпионы атанды
Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгер Ержан Қонұров қазақ күресінен Қазақстан чемпионы атанды.

Талдықорғанда өткен жарыста елдің түкпір-түкпірінен келген үздік балуандар белдесті. Әсіресе, 60 келіге дейінгі салмақтағы кездесулер жоғары деңгейдегі шеберлікті талап еткен.
Осы салмақта белдескен Ержан Қонұров қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Бұл жетістік Ұлттық ұланның абыройын асқақтатқан үлкен жеңіс болды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА