Ұлттық ұлан офицерлері сынақ тапсырды
Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығында әскери бөлімнің барлық санаттағы қызметкерлері, офицерлері мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілері арнайы сынақтан өтті.

Олар 100 және 1000 метр қашықтыққа жүгіріп, «Макаров» тапаншасымен нысана көздеді. «АК-74» қаруымен нысана аты, қаруды уақытқа да жинады. Бұл әскерилер үшін үйреншікті жағдай. Себебі, олар жыл сайын кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында осындай сынақтан өтіп тұрады.
– Дүйсенбіден бастап жоспарға сай тексеру жұмыстары жүргізілуде. Әскерилер кәсіби дайындығын, тактикалық дайындығын арттыру мақсатында тест тапсырып, түрлі спорттық сайыстардан өтеді. Және нысана көздеп, практикалық жаттығулар өткізеді. Мұның барлығы осы күнге дейінгі жинаған тәжірибесі мен шеберлігін тексеру мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда еліміздің әрбір әскери қызметшісі қай салада болмасын қару атып, өзгерген жағдайда дұрыс та жедел шешім қабылдап, өз ісінің маманы болуы тиіс, – дейді Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ильяс Сагандыков.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz