Ұлттық ұлан сарбаздары 101 жастағы ардагерді құттықтады
Жеңіс күні қарсаңында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ерекше акция өткізді. «Жеңіске 100 күн» атты іс-шара аясында олар Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Степенко Григорий Петровичті құттықтады.

Шараға бригада командирі, полковник Максат Қырғызбаев пен бригада командирінің орынбасары, подполковник Мақсат Мұқаев бастаған офицерлер мен әскери оркестр барып қуантты. Олар ардагердің үйіне барып, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.
Полковник Максат Қырғызбаев ардагерге алғысын білдіре отырып:
— Сіздің ерлігіңіз бен жанқиярлық еңбегіңіз – біз үшін баға жетпес өнеге. Сіздер жеңіп берген бейбітшілікті сақтау — біздің қасиетті борышымыз, – деді.
Григорий Петрович әскери қызметшілерге шын жүректен алғыс айтып, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Ол сарбаздарға батасын беріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі