Жаңалықтар

Ұлттық ұлан ардагері сарбаздармен ой бөлісті

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің комиссия төрағасы, генерал-майор Ерсайын Шамғонұлы Рүстемханов 6505 әскери бөлімінде болып, жас сарбаздармен тағылымды кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – әскери өмірге енді қадам басқан сарбаздарға рухани қолдау көрсету, патриоттық тәрбие беру және Ұлттық ұланның тарихы мен дәстүрі жайында мағлұмат беру болды. Ардагер өз өмір жолынан мысалдар келтіре отырып, әскери қызметтің маңыздылығын, ел қорғаудағы жауапкершілікті ерекше атап өтті.

Бейресми жағдайда өткен әңгіме барысында сарбаздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагерден өмірлік тәжірибе мен ақыл-кеңес алды. Ерсайын Шамғонұлы сарбаздарды әскери тәртіпті сақтауға, уақытты тиімді пайдалануға және Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге шақырды.

Осындай кездесулер жас буынның моральдық-психологиялық тұрақтылығын арттырып, патриоттық сезімін нығайтуға үлкен ықпал ететіні сөзсіз. 6505 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы генерал-майорға алғысын білдіріп, мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button