АймақҚарқаралы

Ұлттық кітап күні аталып өтті

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың өшпес мол мұрасын ақын шығармаларын насихаттай отырып, Абай өлеңдерін сүйіп оқуға, әдебиетке, поэзияға деген ынталарын арттыру мақсатында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Сарыобалы ауылында «Абай! – деп соққан жүректер» атты аудандық Абай оқуларының байқауы болып өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Байқаудың қортындысы бойынша «Әнді сүйсең, менше сүй» атты Абай әндерін орындау номинациясы бойынша бас жүлдені Қасым ауылының №19 орта тірек мектебінің 8 сынып оқушысы Төлеуғали Инабат ие болды.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу номинация бойынша 8 сынып оқушысы Саят Шырайлым I – орын жеңіп алды, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өз шығармашылығы арнау оқу номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Марат Кәусар алғыс хатпен марапатталды.

Басқа материалдар

Back to top button