Абай қаласының Ермеков көшесінде тұратын бір топ әже бүгінгі референдум күнінде өздерінің 360-учаскесіне дауыс беруге ұлттық киімдерімен қаздай тізіліп келді.

Оларды мұнда бастап келген аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Жарқын Әліпова:
– Біз қайда барсақ та, осылай тобымызды жазбай жүреміз. Бүгін де сол салтымызды сақтап, жаңа Ата заңымызға, еліміздің болашағына дауыс беруге келдік, – дейді.

Азаматтық ұстанымын танытқан ақ жаулықты аналарға естелік сыйлықтар табысталды.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы



