Бүгін Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Наурызнама аясында «Ұлттық киім – ұлттың сәні» мерекелік шарасы өтті.

Бұл күні теміртаулық дизайнер-сәнгер Динара Әлібаеваның пішіп, тіккен ұлттық киімдерінің көрмесі болып, жұртшылық талқысына ұсынылды.

Сәнді де әдемі киімдерді осы қаладағы «Силуэт» театрының әсем қыздары жарнамалап көрсетіп, көрермендердің көз жанарын суырды. Мұнда қазақтың ерлер киетін ұлттық киімдері де сахна төрінен көрсетіліп, шара барысында жергілікті өнерпаздардың концерті де жиналған көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ



