Аймақта ерекше көрме ашылды
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық киім күніне орай ұлы дала әйелінің дәстүрлі бейнесіне арналған қазақ халқының тарихын танытатын көрме жобасы көпшілік назарына ұсынылды.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Мөлдір Болаттың атап өтуінше, музей қонақтары қорда сақталған түпнұсқадағы дәстүрлі әйелдер киімдерінің үлгілері – камзолдар, сәукелелер, әшекей бұйымдар және күнделікті әрі салтанатты киім элементтерімен таныса алады. Бұл жәдігерлер әлеуметтік мәртебені, жас ерекшеліктерін және өңірлік дәстүрлерді айқын көрсетеді.
Жобаның ерекше бөлігі – жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалған бейнероликтер. Музей экспонаттарынан тұратын тарихи образдар келушілерге ұлы дала әйелдерінің қозғалыстағы келбетін және тарихи контекстегі бейнесін көруге мүмкіндік береді.
Көрмені музейдің барлық келушілері тамашалай алады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



