Жаңалықтар

Ұлттық кеңестен ұтарымыз көп

Ұлттық сенім кеңесі құра­мы маңызды мақсатпен құрылды. Нақты бір сала­да тұрақты шұғылданып жүрген мамандар кеңес құрамына енген. Яғни, cөз тыңдалатыны ай­тылар ойдың жерде қалмасы анық.

Әрине, Ұлттық кеңес құру – қоғамның талабынан туған сұраныс. Халықпен санасуды мақсат етіп, алғыр шешімдер қабылдау мақсатындағы кеңеске деген халықтың үміті зор.

Осы алаңда ойдағы өткір сауалдар қойылып, қоғамдағы проблемалардың бүкпесіз айтылатыны қуантты. Ал, шешім, әрине, бірлескен келісім негізінде жүзеге асатыны сөзсіз. Олай болса, кеңес мүшелері халық пен билік арасын бұрынғыдан да жақындата түсеріне, түйткілді проблемалардың түйінін тарқатарына еш күмән келтіруге болмайды.

Гүлнар ӘДУОВА,

кітапханашы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button