Бас тақырып

Ұлттық Банк SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталары туралы

SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» –  бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек.  

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

Монетаның бейнесі

Сурет: nationalbank.kz

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button