Бас тақырыпБілім

Ұлттарды ұйыстырар ұлы сарын

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде «Шығыстың қос жұлдызы: Абай және Науаи» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Мақсаты – бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және білім беру саласындағы қатынасты дамыту, қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу  университеті мен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа байланысты бірлесіп, алда атқарар жұмыстарды талқылау мен нақтылау.

Басқосу барысында қазақ және өзбек халықтарының рухани байланысы, ерлік рухы мен өнердегі тоғысқан тарихи тұлғалар бейнесі, Абай мен Науаидің шығармашылық, рухани үндестігі, жастарды адамгершілікке, ізгілікке насихаттайтын тәрбиелік мұраларына қатысты баяндамалар, қос ғылым ошағы арасындағы оқу үдерісіне, ғылымға қатысты,  ынтымақтастыққа байланысты келелі мәселелер сараланды.

Дөңгелек үстелге   қос республиканың Елшілігі өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Аманжол Әлтай, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, профессор Абдугаппор Киргизбаев, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Феруза Икромхонова және екі тараптың жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

– Келесі жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Кемеңгеріміз Шығыстың Фирдауси, Низами, Сараи, Науаи сияқты ғұламаларынан нәр алды, рухани сусындады. Осындай терең рухани байланыс өсіп келе жатқан ұрпағымыздың санасына сіңіріліп, кеңінен дәріптелуі керек. Іс-шараның тағы бір маңыздылығы 7-8 тамызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келгелі отыр. Бұл бауырлас екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық пен татулықты нығайта түспек, – деді құттықтау сөзінде университет ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button