Жаңалықтар

Ұлтаралық достық ауадай қажет

Қарағанды қаласының Достық үйінде ұлтаралық қатынастарды нығайту мәселесі қаралып, талқыланды. Онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий ЖУЛИН мәдениет саласы қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Айта кету керек Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы Елбасының тапсырмасын үнемі орындап келеді. Олар азаматтармен кездесіп  қоғамдық пікір қалыптастырды. Қазір, ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылау мақсатында  Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралауды жалғастыруда.

Қарағанды облысында да, Елбасы мен Қазақстан Президенті алға қойған міндет-мақсаттарды жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

– Бүгінде ұлтаралық  қатынас мәселелері ішкі саясат басқармасының құзырына берілді. Бізге қазақстандық патриотизмді, азаматтық теңдікті насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру сияқты міндеттер жүктелген, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын.   

– Ұлт аралық татулық бізге ауадай қажет. Қазір қазақ тіліне деген құрмет артты. Басқа ұлт өкілдері үйренуге құштар. Өңірлерге барып, әріптестеріммен, кездесіп сөйлескенімде бұл тақырыпты неге көтеріп отырмыз деген пікір туындады.Өйткені, Елбасы саясатының арқасында, бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұстанып отырған бағыт өте дұрыс деп есептеймін.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  ел  арасындағы татулықпен-бірліктің сақталуына баса назар аударады. Бұл өз кезегінде көпұлтты қазақстандықтардың гүлденуіне, саяси тұрақтылықтың сақталуына мол мүмкіндік береді, – деді депутат Юрий Жулин.     

Кездесу барысында қатысушылар  өзара  пікір алмасты. Жиын соңында аймақтағы бірнеше белсенді азамат мерейтойлық медальмен, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар Парламент Мәжіліс депутаты Саран мен Абай қаласында да болып, кездесу өткізді.

Абай қаласында өткен  дөңгелек үстелде этномәдени және діни бірлестік өкілдері, қоғамдық келісім кеңесінің  және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бас қосты.

–   Тәуелсіздік барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін ұғым. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз. Басты байлығымыз – достық пен бірлік, – деді Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов.

Кездесуде  этносаралық және конфессия аралық қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.  Мемлекеттік тіл мәртебесі мен өзге ұлт өкілдерінің  қазақ тілін  үйренудің маңыздылығын тілге тиек етті. Депутатық корпуста  осы бағытта  әзірленіп жатқан заң жобаларымен де таныстырды. 

– Көп ұлтты  елде  бірлікті ту етіп ұстау – мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты. Кейбір мемлекеттерде  геосаяи  қақтығыстар орын алып жатады. Өздеріңізге мәлім біздің елде де  кейде ұлтаралық түсінбеушілік көрініс беріп қалады. Сол себепті осындай  келеңсіздіктерге  жол бермеуіз керек. Зайырлы мемлекет ретінде дұрыс саяси бағытты ұстанып келеміз, – деді Юрий Жулин. 

Дәл осындай кездесу  Саран қаласында жалғасын тапты. Мәжілісмен алдымен    шаһардағы   олимпиадалық резервтегі  балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне барды. Ондағы спортшылар  үшін жасалған жағдайға  куә болды. Кездесу  Достық үйінде де өтті . Аталған бас қосуда да ұлтаралық келісім мен  тұрақты этникалық қатынас  жайында  сөз өрбіді.   Сарандық қоғам белсенділері   елдегі және аймақтағы этносаралық  ахуал туралы өз пікірлерімен  бөлісті. Конфессияаралық толерантылықты жақсарту жолында  еселі еңбек атқарған жандар да  марапатқа ие болды.  

Басқа материалдар

Back to top button