АймақҚарағанды

Ұлт болмысын паш еткен

Қарағанды қаласының орталығында ұлттық стильдегі сегіз шағын сәулет пішіні орнатылды. Олардың орнатылуы Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Кеншілер шаһарының көркіне көрік қосқан өнер туындылары металдан жасалған. Сонымен қатар, жаңа композициялар қаладағы халық көп жиналатын орындарға орнатылғанын атап өткен жөн.

– Бұқар жырау даңғылындағы «Арбат» сауда үйінің алдындағы алаңда сегіз шағын сәулет нысаны орнатылған. Атап айтсақ, «Домбыра», «Қобыз», «Торсық», «Шаңырақ», «Тайқазан», «Білезік», «Асық», «Күбі». Жобаның авторы және орындаушысы «Қарағанды Көркем» мердігерлік ұйымы екенін атап айту керек. Орындалған жұмыстардың кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды, – деп атап өтті Қазыбек би атындағы ауданның баспасөз қызметі. Барлық нысандар жарықтандырылған.

– Кеншілер астанасы күннен-күнге көркейіп келеді. Бұған осы орнатылып жатқан ұлттық нақыштағы өнер туындылары куә. Бұған дейін де Қарағандыда басқа ешбір қалада кездеспейтін ескерткіштер және өнер туындылары болған. Оларға, тіпті, шетелдіктер де қызығушылық танытқан. Мына көздің жауын алатын, ұлттық болмысымыздан хабар беретін туындылар да солардың сапын толтырып тұр. Оның үстіне, қаланың басты даңғылына орнатылғаны көңілге қонымды. Сырттан келген қонақтардың да назарын өзіне аударады, – дейді қала тұрғыны Асылбек Орақбаев.

Өз тілшімізден
ҚАРАҒАНДЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button