Білім

«Ұлтқа қызмет… мінезден»

Қарағанды облысында Жас мемлекеттік қызметші мектебінің кезекті маусымы аяқталды. Жоба біраз жылдан бері сәтті іске асырылып келеді. Оның мақсаты – мемлекеттік қызметті жастар арасында танымал ету, жаңа форматтағы болашақ мамандарды даярлау.

Сурет ұйымдастырушылардан

Биыл байқауға Қарағанды университеттерінің төртінші курс студенттері мен магистранттары қатысты. Іріктеуден 28 адам өтті. Оқудан кейін мектеп тыңдау­шылары жұмысқа орналасуға көмектесетін дипломдар мен сертификаттар алды.

«Оқу үдерісіне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалы базасында өткен интерактивті тренингтер, фасилитациялық сессиялар мен ой-талқы кірді. Жобаға қатысушылар өз дағдыларын дамытып қана қоймай, мемлекеттік қызметтің нақты ахуалын көруі үшін тәжірибеге ерекше назар аударылды», – деп атап өтті облыстың жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары.

Мектеп түлектері де командалық жұмыс дағдыларына ие болды. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынас этикасын үйренді, тиімді коммуникациялар, жобалық менеджмент туралы білді.

Болашақта жобаға қатысушылардың президенттік Жастар кадрлық резервінің пулына кіре алатын болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button