Жаңалықтар

Облыстық «Туған өлке сырлары» өлкетану мұғалімдері форумы өтеді

Облыстық білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 21-22 мамырда «Туған өлке сырлары! Жобасы аясында Қарағанды облысының өлкетану мұғалімдерінің форумын on-line форматында (Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының YouTube-каналында таратылуымен ZOOM конференциясы) өткізеді.

Іс-шара облысы аумағында өлкетану қызметін дамыту мақсатын көзеп отыр.

Форум екі кезеңде өтеді.

Пленарлық отырыс дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылып, оған Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Б. Абдикерова, Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің археология және этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Бейсенбекова, «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК-ның аға ғылыми қызметкері Даулет Қожақов, Ұлытау ауданы, «№17 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Бекетов, Ақтоғай ауданының «Шашубай ШКДС базасындағы ресурстық орталық» КММ, тарих пәні мұғалімі, Қ.Түсіпбек Е, «№5 ЖББМ» КММ, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, география пәнінің мұғалімі, А.Марат, Қарқаралы қаласы жас туристер станциясының директоры К.Дюсембаев қатысады деп күтілуде.

Форум жұмысын төрт пікірталас алаңы жалғастырады, онда облыстың жетекші мұғалімдерінің қатысуымен шеберлік-сыныптар өткізіледі.

Форум Қарағанды облысының 900өлкетану мұғалімін қамтуды көздеп отыр.

Басқа материалдар

Back to top button