Абай ауданында «Таза Аула» экологиялық челленджі өтуде. Ауданның жастары қолдарына күрек алып, жәрдемге зәру қарттарға қолғабыс етті. Үйдің сыртын ағартып, қоршауын бояды. Терезелерді жуып, бақшаны арамшөптерден тазарты.
Көмек алушылардың тізімінде тыл еңбеккерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, еңбек ардагерлері бар.
– Ардагерлеріміздің әрқайсысы өз заманында ауданның көркеюіне, қалыптасуына үлкен үлес қосқан жандар. Елге еңбегі сіңген азаматтар. Біз сол кісілерді ардақ тұтып, ісін өскелең ұрпаққа үлгі етуіміз қажет. Ол кісілерге де аулада жұмыс істеу оңай емес. Сондықтан, біз әрқашан көмектесіп жүреміз. Ауласын қоқыстан толық тазартып, ірілі-ұсақты жұмыстарын тындырамыз. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген осы болса керек, – деді аудан жастары.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Абай ауданы.
Ortalyq.kz