Бас тақырып

Lituanica: ортақ мақсат жолында

Бірлік пен тұрақтылық, ынтымақ пен келісім туралы айтқанда ойға өңіріміздегі этномәдени және қоғамдық бірлестіктер оралатыны рас. Солардың бірі әрі бірегейі «Lituanica» қоғамдық бірлестігі. Рухани бірлестік 2003 жылы құрылған. Содан бері өңірімізге инвестиция тартумен қатар, еліміздегі жақсы дәстүр мен ұлт тарихын әлем елдері алдында насихаттау мақсатында мазмұнды һәм маңызды іс тындырып келеді. Бұл – бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті тірлік кешкен әр ұлттың бір ғана ел – Қазақстанды өркендету жолындағы еңбегінің жарқын үлгісі. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамдықтық бірлестіктің жұмысына ерекше серпін берген.

Ресми деректер бойынша облыста үш мыңға тарта литва ұлтының өкілі тұрады екен. Ал, кейінгі жылдары, оның ішінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін елімізге келетін литвалықтардың саны да артқан.

  • Елімізде бизнесті өркендетуге барлық жағдай жасалған. Литва Республикасынан Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі кәсіпкерлер, меценаттар көптеп келуде. Тамырын тереңге жайған, іргетасы мықты қаланған бизнес екі жаққа да қолайлы екені мәлім. Жақсы платформа құрылар болса, кәсіптерін Қазақстанда дамытуға мүдделі, – дейді «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас.

Қазақстан – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан келушілерді жаңа технологиясымен, мықты үйлестірілген менеджментімен, алып құрылыстарымен қызықтырса, Қарағандыда бизнестің кез-келген түрімен айналысуға жағдай жасалған. Сонымен қатар, туризмге де ерекше көңіл бөлінуде. Мұның барлығы елімізде бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай жасалғандықтан.

Виталий Тварионас «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынған «Литва сарайы» болашақта осы өңірдегі литвалықтардың визиткалық Салтанат ІЛИЯШ, картасына айналады дейді. «Бұрын бос жатқан жерде литва стиліндегі тамаша үш қабатты ғимарат бой көтерді. Құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ақша табуды емес, қонақтардың ұлттық тағамнан дәм татып, демалулары үшін барлық жағдай жасалған жердің айналасы абаттандырылып, көріктендіріледі. Маңайында қонақ үйлер, балалар ойнайтын алаңдар, қоғамдық көлік аялдамалары бой көтермек. Бұл бюджет қаражаты емес, кәсіпкерлер есебінен салынған дүниелер екенін айтады «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

«Lituanica» қоғамдық бірлестігі «Рухани жаңғыру» аясында халықаралық жобаларды да жүзеге асыруда. Мәселен, «Память во имя будущего – Болашақ үшін есте сақтаймыз» жобасы бойынша Жезқазған қаласындағы саяси репрессия құрбандарына арналған мемориалдық кешен толық жөндеуден өткізілуде. Бұл шара – Қазақстан ғана емес, Литва және Венгрия елдерінің де назарында. Мемориалдық кешен толық жөндеуден өткен соң, арнайы делегация келеді деп күтілуде. Қазақ еліне айтар алғыстарымен қатар, өз ұлты ғана емес, өзге ұлттарға да ерекше құрмет көрсететініне ризашылық танытуда олар. Айта кетерлік тағы бір халықаралық жоба – «Қазақстандағы Сібір миссиясы». Жобаға қатысу үшін қатаң іріктеуден өтетін литвалық жастар қазақ елінің тарихын танып-біліп, көрікті жерлерімен танысады. Ең бастысы – ата-бабаларының бастарынан өткізген қиын кезеңдерін көру үшін, сезіне алу үшін саяси репрессия құрбандарына ескерткіш қойылған КарЛагта, Алжирде болады. Сондай-ақ, литвалықтар жерленген бейіттерді зерттеп, зираттарды қалпына келтіреді. Қазақ жеріне келгендегі сапарларын тікелей эфир арқылы жерлестерімен бөлісетін жастар бүкіл әлеммен әсерлерімен бөлісіп, осы жерде жандары мәңгілік тыныштық тапқан атабалаларының рухына тағзым етеді.

Виталий Тварионас, «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

– Елбасы бастамалары – өміршең. Рухани жаңғыру бағдарламасы арқылы ел ішінде ғана емес, сыртқы елдермен де байланыс орнатуға мүмкіндік орнады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та шекаралас елдермен ғана емес, батыс елдерімен де байланыста болу керегін айтқан болатын. Себебі, жаһандық тәжірибені қабылдап, өз игілімізге пайдалана алуымыз керек. Жақсылықты сырттан іздеудің қажеті жоқ, әрқайсымыз елімізді, тұратын жерімізді қазіргіден де жақсырақ қылуға тырысуға міндеттіміз. Рухани жаңғыру – бүкілхалықтық бағдарлама.

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button