Жаңалықтар
		
	
	
Әлішер Қожасбаев: Қосылған құн салығы баршаға ортақ болуы тиіс
Қосылған құн салығы (ҚҚС) экономикалық тізбектің барлық қатысушылары төлейтін бірыңғай салық болуы керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Әлішер Қожасбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы түрлі салықтық режимдер осы қағидатты бұзып отыр.

Ол жеңілдетілген салық режимдерін пайдаланатын кәсіпкерлердің бар екендігін айтып, соның салдарынан салық жүктемесі басқа кәсіпкерлерге түскенін атап өтті.
«Қазір елімізде жағдай қандай? Бір кәсіпкер бәрі үшін 12 теңге төлейді. Бір өзі. Ал жанындағылар бизнесін бөліп, бар болғаны 2 теңге төлеп отыр», – деді кеңесші.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



