ЖаңалықтарРесми

Әлихан Смайлов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа үкімет басқаруға Әлихан Смайловтың кандидатурасын ұсынды. Жиынға 89 депутат қатысып, бірауыздан жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын мақұлдады.

 – Аса құрметті Президент мырза, құрметті депуттар. Маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Бұл мен үшін зор жауапкершілік. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған өзгерістер жүзеге асып жатыр. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асырылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту туралы тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басым бағыт болады, – деді Әлихан Смайлов.

Басқа материалдар

Back to top button