Жаңалықтар

“Әлі қарбалас болады”

“Таңғы уақытта сайлаушылар қарасы қалың болды, – дейді №80 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Мисюрина, – Жұмысқа кетіп бара жатқандар ертелетіп келді.

Төраға айтып өткендей, сағат 18.00-де учаскеде 1796 адам дауыс беріп үлгерді. Ал, жалпы саны 2501 сайлаушы тіркеуде тұр.

Сондай-ақ, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері 15 сайлаушының үйіне арнайы жәшікпен барып, дауысын қабылдапты.
№81 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Чернушенконың айтуынша, сайлау аяқталар сәт жақындаған сайын дауыс беруге асыққандар көбейеді.

– Сағат 10.00 мен 13.00 аралығында кісі қалың болды. Қазір тағы көбейіп келеді. Тәжірибеме сүйенсем, әлі қарбалас болады, – дейді Наталья Евгеньевна.

Бұл учаскеде 2868 сайлаушы бар. Сағат 18.00-де дауыс бергендер саны 1580-ге жетті.

Мұнда үйден дауыс бергендер саны – 18.
Осы учаскеде ерлі-зайыпты Рашид пен Наталья Сабитовтер дауыс берді.

“Сайлауға белсенді қатысып келеміз. Өйткені, ел тағдыры үшін әр дауыс маңызды деп білемін. Қоғам өзгеруі қажет, адам санасы өзгеруі қажет. Біз өзгеріс үшін, даму үшін дауыс бердік”, – дейді отағасы Рашид Хабирович.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Басқа материалдар

Back to top button