Ақтоғай

Әлеуметтік жоба жемісі

   Жуырда Шашубай кентінде «Bastau Бизнес» жобасы аясында «Мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдаймын!» атты акция өткізілді. 

Жобаға қатысушылар – болашақ кәсіпкерлердің бесінші тобы кент көшелерін аралап, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысында қолға алынған бастамалармен танысты.

Қоршаған ортаны қорғау, мұқтаж адамдарға көмектесу, тазалықты қолдау – әрбір кәсіпкердің әлеумет алдындағы міндеті. «Bastau Бизнес» жобасына қатысушылар жұмыссыз, тек, кәсібін жаңа бастаған болашақ кәсіпкерлер болғандықтан, олар өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін кенттің басты көшесін жинастырумен және жолдың жиектерін ақтаумен жүзеге асырды.

Бұл акцияға жергілікті әкімдіктің қызметкерлері, сол сияқты, өткен төртінші топтың тыңдаушылары, тіпті, жақын үйлерде тұратын тұрғындар да қатысты.

Іс-шара табысты өтті. Оның бас­ты мақсаты – болашақ кәсіпкерлерге барлық жағынан көшбасшы болуды насихаттап, сенбілік туралы жергілікті биліктің нұсқауын күтіп отырудың қажеті жоқтығын жеткізу болатын. Кез келген жағдайда, істі қолға алып, өздері тындырып тастауы қажет. «Bastau Бизнес» жобасының да көздеген мақсаттарының бірі – осы.

Ләззат ЖАНЫСБАЕВА,

бизнес-тренер.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button