Бас тақырыпБасты тақырып

Әлеуметтік желіде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылғаны жайлы ақпарат тарады

Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген ақпарат таратылуда. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми  мәлімдеді.

Сурет turkystan.kz

–Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлерімен тексерілді – ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қарағанды облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы әдейі жалған хабар таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – делінген ресми хабарламада.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button