Бас тақырып

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

Үкімет елімізде 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет den-der.kz

Үкімет 2024 жылғы 19 қарашада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулыны бекітті. Төлемдер асыраушысынан айырылу және еңбекке жарамдылығын жоғалту бойынша алынатын жәрдемақылар мөлшерінен 6,5% өседі.

Айта кетейік, бұған дейін  2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге жәрдемақы төлемі келесідей болды. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 69 886 теңге беріліп келді. Мысалы, енді олар 69 886 теңгенің орнына 74 428,59 теңге алады. Осылайша (4 542,59 теңге қосылады).

Сонымен қатар 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін ата-ана жалпы 139 772 теңге алады. Ал 7-18 жас аралығындағы 1-топтағы мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін ата-ана жалпы 165 382 теңге алады.

7-18 жас:

І топ: 95 496 теңге.
ІІ топ: 79 435 теңге.
ІІІ топ: 69 886 теңге.

Бала кезінен мүгедектер үшін:

І топ: 95 496 теңге.
ІІ топ: 79 435 теңге.
ІІІ топ: 69 886 теңге.

Жалпы аурулар немесе қызмет барысында жарақат алған мүгедектер үшін:

І топ: 95 496 теңге.
ІІ топ: 76 397 теңге.
ІІІ топ: 52 089 теңге.

Әскери қызмет пен арнайы міндеттерді орындау кезінде жарақат алған мүгедектер үшін:

І топ: 171 024 теңге.
ІІ топ: 131 958 теңге.
ІІІ топ: 100 271 теңге.

Құжат 2025 жылы 1 қаңтардан бастап нақты қолданысқа енгізіледі.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button