Ресми
Әлеуметтік саладағы бастама нақты қолдау мен тиімді шешімдерді талап етеді
Бүгін Халық коалициясы мүшелері Саран қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету психоневрологиялық орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік саладағы реформалардың маңызы, ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Психоневрологиялық мекеме қызметкерлері өздерінің күнделікті тәжірибесінде кездесетін өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Халық коалициясының мүшесі Меруеш Башайдың атап өтуінше, әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі қоғамдағы ең жауапты әрі маңызды жұмыстардың бірі. Олар ерекше қолдауды қажет ететін жандарға қамқорлық көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға зор үлес қосып келеді. Сондықтан бұл саладағы әр бастама нақты қолдау мен тиімді шешімдерді талап етеді.
Осындай ақпараттық түсіндіру және пікір алмасу кездесулері алдағы уақытта да жалғасып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



