Әлеуметтік педагогтің міндеті
Әлеуметтік педагогтың қызметі тек оқушылармен ғана емес, сонымен қатар, олардың отбасыларымен байланыс орнату арқылы жүзеге асады. Осы жұмыс оқушының тұлғалық дамуына, отбасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Әлеуметтік педагогика саласындағы маңызды аспектілердің бірі – оқушының әлеуметтенуіне, тұлғалық дамуына және отбасыдағы қарым-қатынастың үйлесімді болуына бағытталған.

Оқушының тәрбиесінде отбасының орны бөлек, сондықтан, әлеуметтік педагогтың міндеті – отбасымен тиімді қарым-қатынас орнату және қажет жағдайда психологиялық қолдау көрсету.
Әлеуметтік педагогтың қызметі оқушының жеке тұлғалық және әлеуметтену үрдісін қолдауға бағытталған. Оқушының тәрбиесінде және оның дамуына ықпал етуде отбасының рөлін ерекше бағалайды. Отбасы жағдайын түсіну және отбасы мүшелерімен тіл табысып, жұмыс істеу – әлеуметтік педагогтың басты міндетінің бірі. Отбасының тәрбиелік әлеуетін арттырып, педагогикалық және психологиялық әдістемелер арқылы отбасы мүшелерімен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған әдістерді пайдалану арқылы әлеуметтік педагог оқушының тұлғалық дамуын қолдайды. Отбасындағы қарым-қатынасты жақсартып, қоғамда толық азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Меруерт ЖАНТУПОВА,
№11 мектептің әлеуметтік педагогі
Осакаров ауданы