Бас тақырып

Әлеуметтік қолдау – қомақты

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжат сәуірдің қай күнінен бастап қабылданса да төлем толық айға жасалады. Әрі сол айдан бастап аз қамтылған отбасылардың қолына тиетін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Әсем Жүнісбекова айты.

 

Қазіргі таңда облыс көлемінде аз қамтылған 2100 отбасы, яғни, 11 мың адам бар екен. Атаулы әлеуметтік көмек берілуінің жаңа тәртібіне сәйкес олардың қатары екі есеге артады деп күтілуде.

Мемлекет тарапынан қолға алынған шаралардан бөлек, облыстық бюджет есебінен 7 млрд. 807 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Соның аясында көпбалалы аналар 1 маусымнан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Көпбалалы отбасылардың 1-4 сыныпта оқитын 9664 баласына тегін ыстық тамақ беріледі. Ал, 3600 баланың балабақшаға төлейтін ақысы 50 пайызға қысқартылады. 419 ұзартылған күн тобы ашылады. Онда тегін оқумен 16 689 бала қамтылмақ. Бұл шаралардың барлығы жыл басында ұйымдастырылған көпбалалы аналармен кездесу кезінде айтылған ұсыныстар негізінде ұйымдастырылып отыр, – деді Әсем Жүнісбекова.

Көпбалалы отбасы балаларына түрлі бағыттағы үйірмелерге тегін бару мүмкіндігі де жасалған. Сонымен қатар, колледждерде білім алу үшін грант көлемі 8 мыңға арттырылды.

Әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында жеке ісін ашу үшін 223 грант бөлінетін болады. Ол үшін әуелі бизнесті жүргізу негіздерін оқуы қажет. Үйде отырып, жұмыс жасауға мүмкіндік беретін фрилансерлер мектебі жобасы іс қосылғанын атап өту керек. Ол облыстың 18 өңірінде ашылды.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button