Басты тақырып

Әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

      Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Балқаш қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында облыс әкімі Қоңырат ықшамауданындағы жы­лу энергиясын өндіру мен тарату жұмысына бағытталған локальды қазандықта болды.

«Су Жылу Транс» КМК директоры Бейсембек Сармантаев аймақ басшысына қазандықтың бекітілген температура бойынша, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Қазандық ДКВР 10/13 маркалы екі пешпен жабдықталған.

Бұдан бөлек, Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындар мен әлеуметтік нысандардың жылу энергиясымен қамтамасыз етіп отырған «Қазақмыс Энерджи» ЖШС ЖЭО барды. Облыс әкімі БЖЭО Бас басқару шитінің жұмысын ба­қылады. Станцияның кезекші бас­қарушысы аймақ басшысына тех­нологиялық үдерісті түсіндіріп берді. Осыдан соң Балқаш ЖЭО директоры Валерий Истомин өндірістің негізгі жұмыс жайын баяндады. Әрі қарай Нұрмұхамбет Әбдібеков 2016 жылы пайдалануға берілген №2 турбоагрегаттың жұмысымен, басқару жүйесімен танысты.

Әкімнің жұмыс сапары 320 орынға есептелген «Балақай» ба­лабақшасында жалғасты. Атал­мыш мектепке дейінгі мекеме 2016 жылы пайдалануға берілген. Жалпы жер телімі 1,9500 га алып жатыр.

Балабақша қажетті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, азық-түлік блогы, персонал бөлмесі толық қамтылған. Аймақ басшысы медициналық, әдіс­темелік кабинеттері, спорт зал­ды, Монтессори кабинетін, изо­студияны, музыкалық және компьютерлік сыныптарды, балалардың демалыс бөлмесін аралап көрді. Сондай-ақ, ол бұрынғы балалар ауруханасының корпусында болды. Бұл корпус «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қалпына келтіріліп, консультативтік-диагностикалық орталыққа берілген. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 142 миллион теңге қаржы бөлінген.

Аймақ басшысы балалар хирургиясы, флюрография кабинеттерін аралап көрді. Ауруханада қаржылық лизинг қолдану арқылы сатып алынған жаңа сандық флюрограф және ЛОР-комбайн орнатылған.

Науқастардың зертханаға, флюрографияға, дәрігерге дейінгі кабинеттерге кезегін азайту мақсатында электронды кезек енгізілген.

Бұдан бөлек, облыс әкімі «MDVISION» ЖШС бірлестікті МЖС аясында ашылған офтальмологистикалық орталық жұмысымен танысты. Мұнда Балқаш қаласының және жақын елді мекендердің тұрғындары тексеріліп, көз ауруларын емдете алады.

Аймақ басшысы аралаған соңғы нысан ауыз су, квас және лимонад өндірісімен айналысатын «Абдыкаримова З.М.» ЖК болды. Моноқалаларды дамыту 2012-2020 мемлекеттік бағдарламасы аясында өндіріс ошағы нан квасын өндіру аспабын сатып алған. Өңір басшысы аталмыш цехтың жұмысымен танысып, балқаштық квастың сапасына баға берді.

Жұмыс сапарының соңында Нұр­мұхамбет Қанапияұлы жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық мекемелердің, кәсіпкерлік нысандардың жұмысына оң баға беріп, әрі қарайғы жұмыстың тиімділігін арттыруға қажетті бірқатар тапсырмалар берді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі жиналыс өткізіп, қала әкімі Александр Аглиулиннің «Балқаш қа­ла­сының 80 жылдығын атап өтуге дай­ын­дық жұмыстары туралы» баяндамасы тыңдады.

Балқаш қаласының әкімі аймақ басшысына атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Мерейтойды атап өту үшін қаланы аббаттандыру жұмыстары жоспарлануда, яғни, орталық көшенің бой­ын­да орналасқан 22 тұрғын үйдің қас­бетін жөндеу, М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайын ағымдағы жөндеуден өткізу, Оқушылар сарайына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау және ауласын қалпына келтіру, 13 мектепті ағымдық жөндеуден өткізу. Бұлардан бөлек 10-ықшамауданда 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жеке инвестиция есебінен жүзу басейні қалпына келтіріледі және басқа да көптеген шаралар жаса­лады. Сондай-ақ, қаланың ме­­рей­тойлық эмблема-логотипі бе­кі­­тіл­ген. Қала гимініне байқау жа­рияланып, «Балқаш қаласының порт­ре­ті» фотоальбом-кітап, «Балқаш қаласының жылнамасы» жинағы жарық көреді. Сонымен қатар, қаланың тарихынан сыр шертетін үш тілде 30 минуттық деректі фильм және мерейтойлық медальдар дайындалмақ.

Талқылау қорытындысында Нұр­­мұхамбет Әбдібеков мерейтойға дайындалуға қала тұрғындары мен қоғамдық ұйымдарды барынша тартып, облыстық басқармалар мен департаменттермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Л.ГАЛИМОВ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button