Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы бір жыл ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 9,3%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағасы көтерілген өнімдердің ішінде күріш, картоп, сәбіз бар. Нақтыласақ, елде сәбіз бағасы – 3,3%-ға, картоп – 3%-ға, күріш – 1%-ға, макарон – 0,3%-ға қымбаттаған. Тауық пен сиыр етінің бағасы да шамалы өскені байқалады.

Ал, қырыққабат, тауық жұмыртқасы, қарақұмық, ұн бағасы керісінше арзандаған.

Басқа материалдар

Back to top button