Жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған “Әрекет” жобасы

«Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2019 жылы «ӘREKET» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары (КЕҰ) арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту.

2018 жылы жоба Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында пилоттық режимде іске асырылды. Жоба аясында 180 КЕҰ-ның 265 өкілі оқытылды. Жоба қорытындысы бойынша 96 бизнес-идея 500 000 теңге көлемінде қаржыландырылды.

2019 жылы жобаның географиясы 9 өңірден бүкіл Қазақстан аумағына дейін кеңейтілді.

Байқауға 290 коммерциялық емес ұйым (КЕҰ) қатысты. Үш кезеңдік іріктеудің қорытындысы бойынша 51 КЕҰ іріктеліп алынды. Олар әлеуметтік кәсіпкерлік туралы арнайы үш күндік оқытудан өтіп, конкурстық комиссия алдында өз жобаларын таныстырды. Жобаларды қорғау нәтижесінде Қазақстанның 25 КЕҰ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 3 000 000 теңгеге дейін грант иегерлері атанды.

2021 жылы Қор кәсіпкерлік тәсілді қолдана отырып, әлеуметтік проблемалардың тиімді, инновациялық және тұрақты шешімдерін енгізуге бағытталған КЕҰ жобаларын қолдау мақсатында «ӘРЕКЕТ» жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Конкурсқа қатысу коммерциялық емес ұйымдарға келесідей мүмкіндіктер береді:

  1. әлеуметтік кәсіпкерліктің білімі мен дағдыларын алу;
  2. жобаны әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылармен пысықтау;
  3. кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту;
  4. пайдалы байланыстар желісін дамыту;
  5. әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобасын іске қосу/дамыту үшін Қор тарапынан қаржыландыру алу.

Байқау үш кезеңде өтеді. Әр кезеңнің сипаттамасымен және мерзімдерімен төменде танысуға болады.
Барлық мүдделі коммерциялық емес ұйымдар үшін консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру және КЕҰ мәселелері бойынша кері байланыс беру мақсатында ZOOM алаңында онлайн кездесулер ұйымдастырылатын болады. Zoom конференцияларға қатысу үшін Сізге осы Google формаcындағы сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өтіп, Сізге ыңғайлы күнді таңдау қажет. 

Байқау туралы ТОЛЫҚ АҚПАРАТПЕН БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕДЕН осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымдар мына телефондар арқылы: +7 705 376 40 00 (тек WhatsАpp жазбаша хабарлама арқылы, сұрақтарға жауаптар Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс күндері 10:00-ден 18:30-ға дейін жіберіледі) немесе areket.skt@gmail.com электрондық пошта арқылы байланыса алады.

Басқа материалдар

Back to top button