Ресми

Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған

Көпшілік арасында жаңа Конституция жобасына байланысты пікірталас туындауда. Медицина қызметкері ретінде жаңа жобадағы әлеуметтік саланың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі жайлы пікірімді айтқым келеді.

Ата заңның жаңа жобасына сәйкес, денсаулық сақтау құқығы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексте белгіленген көлемде және тәртіппен медициналық көмек алу арқылы, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтерді заңды негізде алу мүмкіндігі арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте айтатыным азаматтарға, бұрынғыдай, мемлекет кепілдік берген көлемде медициналық көмек алу құқығы сақталады. Ұсынылған өзгерістер қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерді жоймайды, керісінше, оларды нақтылауға және құқықтық нығайтуға бағытталған.

Конституцияның жаңа редакциясында Денсаулық сақтау құқығы сақталып қана қоймай, іске асырудың нақты тетіктері қарастырылған. Бұл елдегі азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтеді және барлық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттырады. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ертай ОТАРОВ
«Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button