Ресми

Әлеуметтің әлеуетін арттыру – міндет

2023 жылы халықтың барлық әлеуметтік қорғалмаған топтарына кешенді қолдау көрсетілді. Былтыр әлеуметтік салаға облыстық және республикалық бюджеттерден 14 млрд. 314 млн. 486,0 мың теңге бөлінді. Жыл соңындағы қорытынды бойынша бөлінген қаражаттың 99,92%-ы игерілді.

Жұмыспен қамту – басты міндет

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді. Оған сәйкес 55 408 жұмыс орны ашылды. Бұл – жоспардың 102%. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына шамамен 21 мың адам орналастырылды. Тарқатып айтатын болсақ, 24 011 адам бос жұмыс орындарына жіберілді, жеке бастамалар аясында 17 600 жұмыс орны құрылды, 6 470 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. Аталған шаралар аясында жастар практикасына – 844, қоғамдық жұмыс орындарына – 3 554, әлеуметтік жұмыс орындарына – 483, бірінші жұмыс орны – 471, күміс жас жобасына – 1092 және ұрпақтар келісімшартымен 26 адам қамтылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кешені, жол, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп, құрылыс, табиғат пайдалану және цифрландыру саласы бойынша Ұлттық жобалар шеңберінде 6 294 жұмыс орны құрылды. Оған 4 647 адам орналастырылды.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін өткен жылы кәсіпорындарда жалақысын субсидиялай отырып, 12 арнайы жұмыс орны құрылды. Жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдардың физиологиялық шектеулерін өтеуге арналған арнайы жабдық сатып алды.

 

Грант саны артады

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына сәйкес өткен жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 365 несие берілді. Оның ішінде, қалаларда – 131, ауылдарда – 234 несие рәсімделді. Несиенің жалпы сомасы – 1 млрд. 620 млн. теңге, жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 212 грант ( 1 грант мөлшері 400 АЕК – 1,38 млн. теңге) берілді. Оған 263,58 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша өңіраралық еңбек ұтқырлығы (Оңтүстік-Солтүстік) шеңберінде 33 адам қоныс аударды.

 

Әлеуметтік қолдау жалғасады

Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселесінде де үлкен жұмыс жүргізілуде. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша 2 088 аз қамтылған отбасы немесе 9 640 адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға аз. Қазіргі таңда 2,7%-ды құрайды.

Халықтың кедейлік деңгейі 0,8 пайызға төмендеді. Өткен жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 3,5% құрады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында облыста «Жанұя» отбасы институтын қолдаудың 7 орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Онда 5 702 қызмет түрі бойынша жұмыс жүргізілді, 6109 қызмет көрсетілді.

 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек

Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың проблемаларын шешу. Облыста мүгедектігі бар 55 мыңнан астам адам (55128) тұрады. Бұл – жалпы халықтың 4,9%-ы.

2023 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға бюджеттен 7,6 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету 93,6%-ды құрады. Мүгедектігі бар адамдар 2021 жылдан бастап, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарына тапсырыс береді және алады. Былтыр мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 32 371 тапсырыс жасады. 245 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны бейімделді.

 

Қосымша қолдау бар

Бүгінгі таңда облыста 12 Ұлы Отан соғысы ардагері, жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген 2 100 адам, 3 625 тыл еңбеккері тұрады. Былтыр облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымына сәйкес біржолғы материалдық төлем жүзеге асырылды. Оның ішінде, ҰОС қатысушыларына 1,5 млн. теңге, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 мың теңге, жалдамалы құрамдағы адамдарға – 100 мың теңге, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтарға – 60 мың теңге, ҰОС жылдарында қаза тапқандардың жесірлеріне – 30 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңгеден берілді.

2023 жылдан бастап, облыстық мәслихаттың бастамасы бойынша басқа мемлекеттердің аумағында болған жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек мөлшерін 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ұлғайту туралы мәселе іске асырылды. Сондай-ақ, былтыр Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 21 қатысушысына 400 мың теңгеден біржолғы көмек төленді.

186 ардагер Түркістан облысының «Ақсу Демі» санаторийінде санаторий-курорттық ем алды. Оған 43,5 млн. теңге бөлінді.

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 2 млн. теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілетін болады. Оларға теңестірілген адамдар да мемлекет тарапынан назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, 376 ардагерді 100 млн.теңгеге санаторий-курорттық емдеумен қамту жоспарлануда.

 

Жұмыс жүйелі жүргізіледі

Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтерді 12 ведомстволық бағынысты басқару мекемесі ұсынады. Оның ішінде 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар мен жалғызбасты қарттарға арналған 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, психоневрологиялық аурулары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, сонымен бірге, Қарқаралы ауданының оңалту орталығы, Балқаш қаласының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.

2023 жылдың қорытындысында облыс бойынша аталған орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтермен 3 491 адам қамтылды. Оның ішінде, мүгедектігі бар балалар – 225, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан – 1 848 адам, 394 жалғызбасты қарт пен мүгедектігі бар жан. Оңалту орталықтары арнаулы әлеуметтік қызметтермен 1024 адамды қамтыды. Облыс бойынша барлығы 9 558 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде басқарма үкіметтік емес ұйымының 8 жобасын іске асырды. Осы жобаларды іске асыруға бөлінген сома – 84,5 млн. теңге. 2024 жылға бөлінген сома көлемі 81,6 млн. теңгені құрайды.

Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында басқарма жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, қандас мәртебесін тағайындау немесе ұзарту мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2023 жылы 470 адам қандас мәртебесін алды, шетелдік жұмыс күшін тартуға 499 рұқсат берілді. Сонымен қатар, 11 адам пана іздеуші мәртебесімен тіркелді (Ауғанстаннан – 10 адам, Украинадан – 1 адам). 4 Украина азаматы босқын мәртебесін алды.

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button