Бас тақырыпПрезидент

Әлеуетті әріптестік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Сапар шеңберінде Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті. Ресми кездесуден кейін Мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ықпалдастығы көпшілік үшін қарым-қатынас жасаудың жарқын үлгісі болып саналатынын айтты.

Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығына, әсіресе энергетика, көлік, транзит, өнеркәсіп және ғарыш салалары мәселелеріне арнайы тоқталды.

Владимир Путин Қасым- Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде Ресейге алғашқы сапарының символдық мәнін атап өтіп, екі ел арасындағы байланыстардың жоғары деңгейде екенін айтты.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары мәдени-гуманитарлық саладағы мемлекетаралық өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс және әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықтың орнықты оң қарқынына көңілдері толатынын атап өтіп, бірлескен мәлімдеме жасады.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізілген келіссөздер қоры- тындысы бойынша брифинг өткізді.

Сапар қорытындысында мәлім болғандай, бірлескен мәлімдемеден бөлек, екі елдің өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына, ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Бай- қоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісімге, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Кәсіпорындардың ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Басқа материалдар

Back to top button