Жаңалықтар

Үлес – өңдеу өнеркәсібінде

2021 жылғы 9 айда облыста 3070,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өндіріс сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметінде 12,2%-ға, электр энергия, газ, бу, ыстық су және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,2%-ға өскен. Бұл туралы облыстың статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Статистика мәліметінше, облыстың өнеркәсіптік өндіріс құрылымында едәуір үлес салмақ өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ондағы үлес – 81,2% көлемінде. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 11,9%. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауға – 5,7%, сумен жабдықтау қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет еншісінде – 1,2%. «Өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі Теміртауда, Жезқазғанда, Қарағандыда және Балқашта өндірілген. Сонымен қатар, өндіріс көлемінің өсуі Ұлытау, Ақтоғай аудандарында, Нұра ауданында, Сәтбаевта, Қарағандыда, Теміртауда, Бұқар жырау, Осакаров аудандарында және Саранда», – дейді статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі Қарқаралы, Жаңаарқа, Абай, Шет аудандарында, Шахтинскіде, Жезқазғанда, Приозерскіде, Балқашта, Қаражалда байқалған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button