Нұра

Әлемнің тірегі – әйелдің жүрегі

Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында Нұра ауданын өркендету жолында аянбай еңбек еткен аналар мен қазіргі таңда әр салада еңбек етіп жүрген нәзік жан арулар аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВТЫҢ мерекелік қабылдауында болды.

Аудан әкімі отыздан астам нәзік жан қатысқан салтанатты қабылдауды жүрекжарды лебізімен, аналарға деген шексіз құрмет төгілген тілегімен бастады. Аудан басшысы атынан қонақтарға гүл шоқтары ұсынылып, сый-сияпат көрсетілді.
Салтанатты шара барысында тоғыз құрсақ көтеріп, өсіріп жеткізген Ахмет ауылының тұрғыны Дәкен Әуесбекова «Алтын алқамен» және «Алтын алқа» иегері, «Ең белсенді және ұлағатты ата-аналар» номинациясының үш мәрте жеңімпазы, изенділік Айгүл Әбілдінова аудан әкімі атынан «Ең жас батыр ана» номинациясы бойынша марапатталды. Көп балалы аналар атынан Майоровка ауылының тұрғыны Ғайша Әлкенова апай шуақты мереке иелерін құттықтап, аудан әкіміне алғысын білдірді.
Салтанатты кездесу барысында білім саласында еңбек сіңіріп, отбасы өмірімен қатар, ел болашағының да тәрбиесіне жауапты болған ұстаздар қауымы атынан талдысайлық Жанар Мұратова домбырасын қолына алып, күмбірлете күйден шашу тартты.
Аталмыш шараға арнайы шақырылған облыстық «Сарыарқа» телеарнасының редакторы, «Жаңалықтар» ақпараттық қызметінің шеф редактор-журналисі Гүлбақша Ақажанова да құрметті қонақтар қатарынан орын алды.
Ауданның атын спорт, мәдениет, құқық қорғау салаларында қорғап жүрген, осы кештің құрметті қонақтары, аудан жастары – Анастасия Бе­режнова, Жанель Уашева және Дайяна Панарина аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жас ақын, тілші, аудармашы Анастасия Бережнова мемлекеттік тілде тілек білдірді, жүрегінен шыққан, мерекеге арналған ақ тілегін өлең шумақтарымен өрді.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button