Әлемнің мәні – әйелде!
Әйел адам – гүлмен тең.
Абай ҚҰНАНБАЕВ
***
Әйел – ердің тәңірі, жарата да алады, сүйдіре де алады, күйдіре де алады.
Мағжан ЖҰМАБАЕВ
***
Адамдықтың негізі – әйел
Мұхтар ӘУЕЗОВ
***
Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады…
Ғабит МҮСІРЕПОВ
***
Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат «жемісі» ешқашан да болмайды.
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ
***
Әйел затын, жалпы, нәзік деп атайды ғой. Бос сөз. Мықтының ең мықтысы, көнбістің ең көнбісі әйелдер екеніне мен кіммен де дауласуға бармын.
Бердібек СОҚПАҚБАЕВ
***
«Оппозиция – әйеліңнен басталады». Ол – сенің жанашырың.
Қадыр Мырза ӘЛИ
***
Мәдениеттілігің мәртебелі әйеліңе қалай қарайтыныңмен өлшенеді.
Максим ГОРЬКИЙ
***
Түркілік қоғамда әйелдерге кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ
***
Шын сүйе білетін барлық әйел – патшайым.
Александр КУПРИН
***
Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз.
Оноре де БАЛЬЗАК
***
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
Виктор ГЮГО
***
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
Ғабит МҮСІРЕПОВ
***
Қараған сайын жүзі бал-бұл жана түсетін бойжеткен алдында жан рахатын кешуден асқан өміршеңдік жоқ.
Роберт ВАЛЬЗЕР
***
Әже күлгенде, оның бетіндегі сызықтар ешбір кітап өзгерте алмайтын ұрпақтар тарихын көрсететін эпикалық әңгімеге айналады.
Кертис ТАЙРОН ДЖОНС
***
Әйелдер – біздің өміріміздің шырағы.
Наполеон БОНАПАРТ
***
Әйелдер күннің жылуы сияқты, оларсыз әлем суық және қараңғы.
Уильям ШЕКСПИР
***
Әйелдің бақыты – оның отбасының бақыты
Лев ТОЛСТОЙ
***
Әйелдерді түсіну мүмкін емес, бірақ оларды сүю мүмкін.
Оскар УАЙЛЬД
***
Әйелдер біздің құпиямыз және шабыт көзі
Альберт ЭЙНШТЕЙН
***
Әйелдер – өмірдің гүлдері, оларсыз әлем түссіз
Фридрих НИЦШЕ
***
Әйелдердің махаббаты – адамзаттың ең ұлы қазынасы.
Жан-Жак РУССО