Балқаш

Әлемдік үдеріске бастау

    Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшетінімізді және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы керектігін айтты.

Латын әліпбиі – Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Латынға көшу заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Дүние жүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияларға бір табан жақындаудың белгісі. Осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеруге болады.

Латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық, біріншіден, тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, бүкіл төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтардың бір жазуды қолдану мүмкіндігі.

Латын әліпбиіне көшудің басты қажеттілігін түсіндіру мақсатында жалпы білім беретін №9 орта мектепте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам», «Латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?», «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» тақырыптарында іс-шаралар өтті.

Р.КӘУКЕРБЕКОВА,

9 орта мектептің кітапхана меңгерушісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button