Ресми

Әлемдегі ең бай бес отбасы кім?

Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай отбасылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: mail.kz сайтынан

Bloomberg мәліметтері бойынша, ең бай отбасылардың рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әбу-Даби шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті көш бастап тұр, олардың байлығы 305 миллиард доллар деп бағаланды.

Екінші орында – Walmart дүкендер желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның отбасы (259,7 миллиард), үшінші орында Hermes сәнді брендінің қожайыны – Эрмесовтар отбасы (150,9 миллиард доллар).

Сонымен қатар әлемдегі ең бай бес отбасына қатарына 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars компанияларына иелік етуші отбасы және 133 миллиард доллар байлығы бар Қатардағы шейхтер мен әмірлердің билеуші әулеті Әл-Тани да жатады.

Агенттік 2023 жылы әлемдегі ең бай 25 отбасы өз активіне 1,5 триллион доллар қосып, байлығын еселегенін, бұл өткен жылғы ең бай отбасылардың байлығынан 43% жоғары екенін баса атап көрсетеді.

Айта кетсек, Walmart желілерінің қожайыны мен Қатар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті алғаш рет бұл рейтингке ілініп отыр. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button