Әлемдегі ең бай адамның есімі белгілі болды
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші жыл қатарынан бірінші орынға шықты. Басылымның бағалауынша, оның байлығы 839 млрд долларға жеткен деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі baq.kz ке сілтеме жасап.

Рейтингте екінші орынды Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж (257 млрд доллар) иеленсе, үшінші орында Сергей Брин (237 млрд доллар) тұр. Ал Amazon негізін қалаушы Джефф Безос 224 млрд доллар байлықпен төртінші орынға жайғасты.
2026 жылы Forbes тізіміндегі миллиардерлер саны 3 428 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 400-ге артқан. Олардың жалпы байлығы 220,1 трлн долларды құрайды.
Сарапшылардың айтуынша, Илон Масктың капиталы соңғы жылдардағы ірі бірігу мен іскерлік мәмілелер нәтижесінде рекордтық деңгейге жеткен.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



