Басты тақырыпҚарағанды

Әлемде – әбігер, Қарағандыда – даму

Әлемді шарпыған дағдарыстан демікпей шығу – бір ғана елдің емес, дүние жүзінің бас ауыртқан проблемасы. Мемлекет тарапынан қабылданған шаралар мен экономикада орны орасан кәсіпорын, өнеркәсіптердің бұл бағыттағы тың жобалары дағдарыстан дағдармауға мүмкіндік бермек. Сондықтан, бұл орайда бірқатар қадамдар жасалғаны жасырын емес. Мемлекеттік бағдарламалар – соның бір парасы. Бүгінде елімізде индустриялдық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы қарқынды. Алғашқы бесжылдық көптеген кәсіпорындардың жаңғыруына һәм жаңадан құрылуына мұрындық болғанын атап өткен жөн. Қазір сол кәсіпорын, өндірістер өңір экономикасын өрге сүйреп келеді.

инустрия -2

Мәселен, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстағы өндіріс көлемі 867,5 млрд.теңгені құраған. Пайызға шаққанда, 137,3 пайыз. Ал, бұл болса, былтырғы жылы 631,9 млрд.теңге шамасында. Яғни, өсім бар. Тау-кен саласында кен алудың артқанын айтады облыстың өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының дерегі. Атап айтқанда, темір кенін алу – 4,8 пайызға, түсті метал – 1,6 пайызға, металлургиялық кен – 1,9 пайызға, тау-кен өнеркәсібіндегі техникалық қызмет көлемі – 16,7 пайызға көбейген.

Сөйте тұра, көмір өндіруде кемдік бар. Мысалы, жартыжылдықта көмір өндіру 10 пайызға кеміді. Оған кейбір кен орындарының жұмысын тоқтатуы, кеніштерде техникалық жағдайдың төмендеуі түрткі болған. Алайда, бұған қатысты тиісті шаралар қабылданған.

Экономикада туындаған күрделі ахуал мен қиындықтарға қарамастан, кен орындарының көкжиегі кеңейіп келеді. Мысалы, Абыз кен орнында мамырдан бастап, мысты-пиритті кен алатын кен орны жұмысын бастады. Бұл өндіріс жыл соңына дейін 230 мың тонна кен алуды жоспарлап отыр. Екінші жартыжылдықтың басынан «Шығыс Сарыоба» мыс кенін алу кеніші жұмысын жандандырды. Оған қоса, екібастұздық және қарағандылық көмірден байытылған көмір өндіретін кен байыту фабрикасының іске қосылуы көмір өндірісін өрістетпек. Аталған фабрика жылына 500 мың тонна өнім шығармақшы.

Ұқсату өнеркәсіптеріндегі өндіріс көлемі 687,9 млрд.теңгеге жеткен. Соның ішінде, өңдеуші, ұқсатушы өндірісте азық-түлік өнімі, фармацевтика, пласмтасса бұйымдарын шығару, қара металлургия, түсті металлургия, машинақұрастыруда көрсеткіштер – жоғары. Сөйте тұра, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі – төмен.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шойын өндіру –7 пайызға, болат өндірісі – 8,5 пайызға, жалпақ илек – 10,6 пайызға артқандығын айтады мәліметтер. Болат өндірудің көлемін арттыруға қайта жөндеуден өтетін №4 домна пешін пайдалануға беру ықпал етеді деп күтілуде. Ол пешті пайдалануға беру төртінші тоқсанға жоспарланған. Биыл 3 525 мың тонна шойын, 3942 мың тонна болат алу көзделді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға және 11,4 пайызға көп.

Ал, жүйе құраушы ірі өндіріс орнының бірі – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-де осы мерзім ішінде шақпақталған мыс алу – 3,7 пайыз­ға, афинирленген алтын – 52 пайыз­ға өскен.

Сондай-ақ, биыл қара мыс концентраты бойынша жылына 32 160 тонна өнім беретін зауыт құрылысының жобалық-сметалық құжатын аяқтау жоспарланған.

Жалпы, құзырлы орындардың жария еткен мәліметтеріне жүгінсек, меже – айқын. Экономикада іркіліс жоқ. Әлемнің апшысын қуырған дағдарысқа қарамай, шама-шарқынша ілгерілеп келеді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button