Әлем кубогі жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді
Облыстық спорт басқармасы Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайында Астанада өткен Әлем кубогінде жүлде алған жерлестерді қарсы алып, құрмет көрсетті. 65 келі салмақта қолғап түйістірген Аида Әбікеева әлем кубогінің жартылай кезеңінде сүрініп, қола жүлде иегері атарды. Жерлесіміз бұл кезеңде түріркиялық боксшы Бусеназ Сурменалинмен қолғап түйістіріп, есеп айырмашылығымен жеңіліп қалды.

Кәсіби спортқа жарқын түрде оралған Милана Сафронова Ыстамбұлда өткен жекпе – жекте 40 жастағы түрік қарсыласы Гюльсюм Татарды ұтып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ал, 75 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов қарсыластарынан айласын асырып, чемпион атанды. Ақтық кезеңде жерлесіміз Олимпиада ойындарының қатысушысы болгариялық Рами Киванмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңген болатын.
Бір аптадан кейін боксшылар Алматыға оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Олар қыркүйекте Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалатын болады.
Толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ