ЖаңалықтарСпорт

Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Санкт-Петербург қаласында Шығыс жекпе-жегі джиу-джитсуден өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз олжамен оралды. Әлемдік додада Қарағандының намысын қорғаған 3 спортшы 4 алтын,  1 күміс медаль иеленді.

34 келі салмақта бақ сынаған Асанәлі Абаев күміс жүлде иеленді. Ал, 35 келіде сынға түскен Әли Ақсұңқар мен  95 келіде жарыс жолына шыққан Фариас Карлос  қос алтынмен апталды.   

Әли Ақсұңқар былтыр спорттың осы түрінен Дубайда өткен Әлем чемпионатынан алтын алған. Биыл да Әлем чемпионатынан қос бірдей алтын алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Жарыстың шарты бойынша спортшылар кимано және киманосыз ұрыс өткізген. Қос сайыста Әли тәжік, шешен және орыс спортшыларын жолда қалдырып, қос бірдей алтынды жеңіп алды. Әли бүгінде Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әрі былтырғы жылы Дубайда өткен Әлем чемпионатының чемпионы.   

 – Демалыс күндері екі мезгіл жаттығу жұмыстарын өткіздік. Ал, сабақ уақытында жаттығу күн сайын бір мәртеден  болады. Наурыз айында Әлем чемпионаты Польша мемлекетінде өтеді екен. Келген соң жаттығуды қайта бастаймыз – деді, Әлидің әкесі Рауан Серікұлы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button