Әлем чемпионатынан олжалы оралды
Рапид пен блицтен Словенияның Терме Чатез қаласында өкен 14 пен 18 жас аралығындағы әлем чемпионатында қарағандылық жас шахматшы Даниял Сапенов бірден алтын және күміс медаль жеңіп алды. Аталмыш чемпионатқа әлемнің 36 елінен 318 шахматшы қатысқан. Қарағандылық ФИДЕ шебері, Қазақстан Республикасы жастар құрамасының мүшесі Даниял Сапенов блицтен алтын медальды қанжығасына байласа, рапидтен қоланы қанағат тұтқан.

– Ойындар өте тартысты өтті. Әсіресе блиц қызықты болды. Таңғы оннан кешкі сегізге дейін қатысушылар 22 ойын ойнады. Вьетнам, Үндістан, Словения, Испания, Германия, Украина, Венгрия елдерінен келген шахматшылар мықты болды. Өзінің ең жақсы атлетикалық қасиеттерін көрсеткен Даниял 22 ұпайдан 16,5 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті, – дейді шахматтан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Артем Симонян.
Аға жаттықтырушы Даниялдың ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының қиын да жауапты финалынан кейін әлемдік деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. Қазақстан құрамасының үздік шахматшыларымен лайықты ойын өткізген жас шебер 2025 жылы өтетін ересектер арасындағы ел чемпионатына қатыспақ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.