Спорт

Әлем чемпионатына аттанады

Ақтөбе қаласында грепплинг спортынан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған республикалық біріншілікте кеншілер өлкесінің құрамасы сәтті өнер көрсетіп, қоржынға 15 медаль салды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Нақтырақ айтсақ, екі алтын, жеті күміс және алты қола медаль. Нәтижесінде тоғыз қарағандылық спортшы қазан айында Астанада өтетін грепплингтен әлем чемпионатына жолдамаға ие болды.

– Облыс намысын ел чемпионатында 17 спортшы қорғады. Құрамында Қарағандыдағы үш клубтың – ADAL, SLS және Mario BROSS, сондай-ақ, Теміртау TemirPRIDE және Сараннан келген «Арыс­тан» клубының өкілдері бар. Шынын айтсақ, бәсекелестік өте жоғары болды. Өйткені, жарыста грепплингтен әлем чемпионатына іріктеу жүргізілді. Бұл спортшыларды ынталандырды. Оның үстіне ол дүбірлі дода алғаш рет елордамызда өтеді. Әр аймақтың үздік спортшылар жиналды. Облыс құрамасы сапалы дайындықтың, жаттықтырушылар құрамының табанды еңбегінің арқасында жақсы нәтиже көрсетті, – деп атап өтті облыстық грепплинг федерациясының президенті Вадим Брамонтов.

Атап айтсақ, ADAL клубының 17 жастағы мүшесі Варвара Шкуропаты екі санатта жеңіске жетті. Gi (кимоно күресі) және No-Gi (кимоносыз күрес).

Ал, оның жаттықтырушысы Әміржан Сихимбаев күміс жүлдегер атанды. Спортшы мен тәлімгер бірге әлем чемпионатында бақ сынайды.

Теміртау қаласынан келген балуандар қоржынына тоғыз медаль салып, әлем біріншілігіне төрт жолдама жеңіп алды.

Мадияр Серікбай өз мүмкіндігін сәтті көрсетсе, Әділжан Талғатов екі күміс медальға ие болды. Дмитрий Романенко тәжірибелі қарсыластардан асып түсіп, оза шапты.

Енді, қазір спортшыларымыз әлем чемпионатында лайықты өнер көрсету, үшін жаттығуды жалғастырып жатыр.

Федерация басшысы жолдамалар әлі де көбеюі мүмкін екендігін айтады. Өйткені, алда спортшыларымызды балалар мен ересектер арасында грепплингтен өтетін тағы екі Қазақстан чемпионаты күтіп тұр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button