Латынға көшу – маңызды қадам
Әрине, ұлт болғаннан кейін, тіл болуы керек. Тіл болған соң, міндетті түрде өзінің әліпбиі болуы тиіс. Бүгінгі күні қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру жөнінде қызу талқылау жүріп жатыр. Латын әліпбиі – әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі.
Оған қоса, Елбасымыздың алға қойған ауқымды мақсаты – еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Олай болса, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің мәртебесі артып, мерейі үстем болуы үшін – латын әліпбиіне көшуді орынды, болашағы зор шешім деп санаймыз.
Аңсаған БАЛТАБАЙ,
Қарқаралы
тарихи-өлкетану
мұражайының қор
сақтаушысы.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.