Спорт

Ұландық жауынгер әлем біріншілігінде топ жарды

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында самбодан әлем чемпионаты өткен болатын. Жеті салмақ дәрежесі бойынша өткізілген сайыста 13 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты.

Суреттер автордан

– Тәжікстанның самбо федерациясы барлық қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Спортшылар бұл сайыста өте жақсы нәтиже көрсетті. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елінен келген спортшылар өзара мықтыларды анықтады, – деді халықаралық самбо федерациясының вице призендті Рудольф Бабаян.

Айта кетейік, сайысқа қатысқан 400 спортшы арасында Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкері Ержан Қоңыровта қатысты. 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ұландық спортшы табанды күрес нәтижесінде ІІ орын иеленді. Ал, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы ІІ орынға табан тіреді.

Бақдәулет МАНАРБЕКҰЛЫ,
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨҚ Баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button