Жаңалықтар

Ұландық жауынгер ашық чемпионатта топ жарды

Алматы қаласында орналасқан Армияның орталық спорт клубының базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған самбодан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ашық чемпионаты өтті.

Сурет ҰҰ «Орталық» ӨңҚ

Күштік құрылымдар өзара  бақ сынасқан бұл дүбірлі додаға Ұлттық ұланның құрама командасы да қатысты. Сондай-ақ, бұл сайыста Ұлттық ұланның намысын қорғап «Орталық» өңірлік қолбасшылығы  5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Болат Сапарда күш сынасты. Бәсекеге толы болған сайыс қорытындысы бойынша 98 келіге дейінгі санатта өз күшін сынаған Болат Сапар жүлделі бірінші орын иеленді. Сондай-ақ, сайыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан құрамасы командалық есепте екінші орынға ие болды.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button