Жаңалықтар

Ұландықтар тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері «Ұлы жеңіске 80 жыл» акциясы аясында  Ұлы отан соғысының тыл ардагері Медведев Александр Павловичке көмек көрсетті. Ұландықтар ардагердің шаңырағына барып, ауласын қардан тазартты.

Суреттер   ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ

– Біздің ұландықтар әр жыл сайын Ұлы отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетеді. Бұл біздер үшін бұрыннан қалыптасып кеткен игі іс десек те болады. Міне, биылғы жылы Ұлы отан соғысының 80 жылдығына орай біз ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсетіп, қол ұшымызды созудамыз, – деп атап өтті тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы подполковник Бондаренко Алексей.

Александр Павлович ұландықтарға алғысын жаудырып, өзінің ыстық лебізін білдірді.

– Мен үшін мені құрметтеп сыйлап келетін әрбір жан ыстық. Ал, Ұлттық ұлан сарбаздарына келер болсам, жыл сайын күннің ыстық суығына қарамай маған өздерінің көмек қолдарын созады. Сол үшінде менің Ұлттық ұланға деген алғысым шексіз, – деп атап өтті тыл ардагері Александр Медведев.

Қазіргі таңда ұландықтар тек Қарағанды қаласында ғана емес, еліміздің барлық аймағында ардагерлерге көмек көрсетуде. 

                                              ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button